2024 жылғы 23 сәуір Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университетінің ( Сәтбаев университеті) Металлургия және кен байыту институтында болды . Күрішбаев А.Қ. институттың қызметімен, ғылыми-техникалық әлеуетімен, материалдық-техникалық базасымен, ғылыми зертханаларымен және тәжірибелік металлургиялық өндірісімен танысты, институт ұжымымен кездесіп, жас ғалымдармен әңгімелесті.
ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті А. К. Күрішбаевтың металлургия және байыту институтына сапары
25.07.2024
